Өспен ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды!

Өспен ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды!

25 қазан – Республика күні қарсаңында Өспен ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ауылдық өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа нысанның ашылуы – елді мекен үшін маңызды әрі игілікті оқиға. Өрт сөндіру бекеті төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге, өрттің алдын алуға және тұрғындардың өмірі мен мүлкін қорғауға мүмкіндік береді.

Салтанатты шарада алғашқы құттықтау сөзді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Жанаспаев Қайрат Мейірбекұлы сөйледі. Сонымен қатар Шет ауданы әкімінің орынбасары Садыков Қайырғали Берғалиұлы ізгі тілегін білдірді.

Іс-шара барысында төтенше жағдайлардың алдын алу ісіне үлес қосқан азаматтар Төтенше жағдайлар департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды. Атап айтқанда:
▪️ Даулетов Ұланбатыр Сагинтаевич;
▪️ Алтынбеков Нұрсайын Тұрсынұлы;
▪️ Жаппарғали Олжас Темірғалиұлы.

Сондай-ақ ауылдың қадірлі ақсақалы, өлкетанушы Нұржанов Файзулла ата сөз сөйлеп, жаңа нысанның ауыл өміріндегі маңызына тоқталып, ақ батасын берді

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-uspen/press/news/details/1319230?lang=kk