Ебейті ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

Ебейті ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

Аудан әкімі Айбек Купенов Ебейті ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді талқылады.

🔹Кездесу барысында тұрғындар жол инфрақұрылымы, денсаулық сақтау нысанының жағдайы және мәдениет саласына қатысты бірқатар өзекті мәселені көтерді.

🔹Атап айтқанда, Сағыз өзенінің арғы бетіндегі «Санрайз Энерджи Қазақстан» ЖШС-нің жолдарды ретке келтіру, компаниялардың ауыр техникаларын жүргізу мәселесін реттеу.

🔹Аудан әкімі тұрғындар көтерген мәселелерді тыңдап, оларды қолданыстағы мүмкіндіктер мен тиісті салалардың құзыреті шегінде қарастыру қажеттігін атап өтті. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелермен бірлесіп, шешу жолдарын пысықтау көзделеді.

🔹Тұрғындармен ашық диалог орнату және елді мекендердегі өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1319113?lang=kk