Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
📌СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына күдіктенген кездегі ерте анықтау, диагностика және іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
⚡️ Іс-шара Департамент басшысының орынбасары А.С. Күшбасовтың төрағалығымен бейнеконференция форматында ұйымдастырылды.
⚡️ Семинарға облыстың аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, сондай-ақ медицина қызметкерлері қатысты.
⚡️ Семинар барысында 2026 жылы әлемде және Қазақстан Республикасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай, аурудың клиникалық көріністері, диагностикасы мен емдеу әдістері, зертханалық диагностиканың ерекшеліктері, сондай-ақ аталған инфекцияға күдіктенген кездегі іс-қимыл алгоритмі қарастырылды.
⚡️ Ауруды ерте анықтау, уақтылы ден қою және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына күдіктенген жағдайда қажетті эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
⚡️ Семинар соңында қатысушылар кәсіби қызмет барысында туындайтын практикалық мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1319111?lang=kk