Ұшқышсыз ұшу аппараттарының (дрондар мен квадрокоптерлердің) кеңінен таралуына байланысты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану талаптарын сақтау қажеттігін еске саламыз.
❗ Дронды ұшырар алдында мына талаптарды орындау қажет:
🔹 Ұшқышсыз ұшу аппаратын белгіленген тәртіппен тіркеу немесе есепке қою. 🔹 Әуе кеңістігін пайдалануға қажетті рұқсаттарды алу. 🔹 Ұшу қауіпсіздігі қағидалары мен белгіленген талаптарды сақтау. 🔹 Әуе қозғалысын басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі талаптарды орындау.
⚠️ ЗАҢ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 563-бабына сәйкес, әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін мынадай айыппұлдар көзделген:
▪️ Жеке тұлғаларға — 10 АЕК. ▪️ Лауазымды тұлғаларға — 20 АЕК.
Бір жыл ішінде қайталап құқық бұзушылық жасаған жағдайда:
▪️ Жеке тұлғаларға — 15 АЕК. ▪️ Лауазымды тұлғаларға — 25 АЕК, сондай-ақ құқық бұзушылық жасау құралы болған зат тәркіленуі мүмкін.
Рұқсатсыз ұшырылған дрондар азаматтық және мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігіне, сондай-ақ өңір тұрғындарының қоғамдық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.
📢 Рұқсатсыз ұшу фактілері анықталған жағдайда, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-prirechen/press/news/details/1319086?lang=kk