Таза қала!

Таза қала!

Тазалықты сақтау – әрқайсымыздың өзімізден, ең алдымен, өз ауламыздан басталады. Қазіргі таңда Шымкент қаласы Еңбекші аудынында «Таза Қазақстан» іс-шарасы аясында, ұшқышсыз ұшу апараты көмегімен ағымдағы жылдың қазан айында 400-ке жуық құқықбұзушылықтың жолы кесілді.

Қаламыздың тазалығы мен көркейіп, жайлы ортаға айналуы – баршамызға ортақ міндет. Қоршаған ортаны таза ұстау, қоқысты белгіленбеген жерге тастамау және тазалық талаптарын сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қала тұрғындарын қоғамдық орындарда тазалық сақтауға, абаттандыру талаптарын бұзбауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.

Тазалық – тәртіптің бастауы. Қаламыздың тазалығы мен қауіпсіздігіне әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1319080?lang=kk