Қызылорда қаласында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында білім беру ұйымдарында профилактикалық іс-шаралар өткізілді

 

Қала прокуратурасының қызметкерлерімен «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында және «Қауіпсіз қала - Қызылорда» жол картасы аясында 70 мектепте және 10 колледжде 270 лекция өткізіліп, 3500-ге жуық білім алушыларға және 250-ден астам ата-анаға профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс шараның мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Сонымен қатар түңгі уақытта тұрақты түрде рейд жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде заңды өкілінсіз жүрген – 623 кәмелетке толмағандар және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін – 3 888 ата-ана әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі таңда олардың ата-анасының жұмыс орнына арнайы хат жазу тәжірибесін қалыптастыру мәселесі қарастырылуда.

Осының аясында прокурорлар құқық бұзушылыққа бейім 306 оқушы мектепішілік есепке, 53 кәмелетке толмаған полиция есебіне алынып, жүріс-тұрысы бақылауға алынды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокурорлардың басты назарында.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1319076?lang=kk