Шымкент қаласының Полиция департаменті мал иелерін жануарларды жаю кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға және оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Қараусыз жүрген мал жол-көлік оқиғаларына себеп болып, көлік қозғалысына кедергі жасап, азаматтардың мүлкіне зиян келтіруі мүмкін.
Жыл басынан бері мал жаю қағидаларын бұзудың 370 дерегі анықталса, оның 26-сы ағымдағы айда тіркелген.
Құрметті тұрғындар! Жануарларды қараусыз қалдырмай, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Жол қозғалысына қатысушылар мен айналаңыздағы азаматтардың өмірі мен мүлкіне қауіп төндірмеңіз.
Қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау — әркімнің міндеті!
Малды қараусыз қалдырмаңыз!
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1319072?lang=kk