ТЖЖ қызметкерлері Тараз қаласындағы № 2 МӨСБ-де мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ашық есік күнін ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Жамбыл облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, аға лейтенант Жарылқасын Ерсұлтан қатысушыларға азаматтық қорғау жүйесінің негізгі бағыттарын таныстырып, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен дұрыс әрекет ету тәртібін түсіндірді.
Сонымен қатар жер сілкінісі кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары, алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі және «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне хабарласу жолдары туралы ақпарат берілді. Төтенше жағдайлар кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды эвакуациялау және қажетті көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күнделікті қызметімен танысып, арнайы техника мен жабдықтарды тамашалады. Сондай-ақ кинологиялық қызмет мамандарының жұмысымен танысып, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысатын қызметтік иттерді көрді.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік туралы білімдерін арттыруға мүмкіндік берді.
Жамбыл облысы ТЖД