Өскемен қаласында бадминтоннан 2016 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.
Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент, Қостанай, Орал, Қарағанды қалаларынан және Шығыс Қазақстан облысынан келген 7 команда, барлығы 66 жас спортшы қатысуда.
Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап жатқан жас бадминтоншыларымызға сәттілік пен толағай табыстар тілейміз!