Батыс Қазақстан облысында Комитеттің көшпелі кеңейтілген отырысы өтті

Батыс Қазақстан облысында Комитеттің көшпелі кеңейтілген отырысы өтті

📍 Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенованың төрағалығымен Комитеттің көшпелі кеңейтілген отырысы өтті.

📋 Отырыс барысында 2023–2025 жылдар және 2026 жылдың тоғыз айы кезеңіндегі Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Ұлттық сараптама орталығы облыстық филиалының және Орал обаға қарсы күрес станциясының қызметіне жүргізілген кешенді тексеру нәтижелері қаралды.

🤝 Кеңейтілген отырысқа жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық сараптама орталығының, Орал обаға қарсы күрес станциясының және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық бөлімшелерінің басшылығы мен өкілдері қатысты.

🦠 Қатысушылар өңір халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, инфекциялық және аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу, зертханалардың жұмысын жетілдіру, сондай-ақ кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

📝 Жеке мәселе ретінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесі талқыланды.

🔎 Сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, ветеринария және экология салаларындағы бірлескен жұмыстың нәтижелері мен ведомствоаралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды. Талқылау мүдделі органдардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешудегі іс-қимылдарын үйлестіруді жақсартуға бағытталды.

✅ Отырыс қорытындысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмыс тиімділігін арттыруға, анықталған проблемаларды жоюға және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін жетілдіруге бағытталған алдағы міндеттер айқындалды.

📌 Мұндай отырыстар аумақтық бөлімшелер қызметінің нәтижелерін бағалауға, жұмыстың басым бағыттарын белгілеуге және халықтың денсаулығын қорғау мәселелерінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1319028?lang=kk