Ақтөбеде Кірпішті көпірі бағытындағы қозғалыс сызбасы өзгереді

Ақтөбеде Кірпішті көпірі бағытындағы қозғалыс сызбасы өзгереді
1 қарашадан бастап Кірпішті көпірі көлік қозғалысы үшін ашылады. Осыған байланысты К. Нокин даңғылынан көпірге қарай жүру сызбасы өзгереді.
Жолақтар бойынша қозғалыс бағыты:
▪️ Сол жақ шеткі жолақ – солға бұрылу;
▪️ Ортаңғы жолақ – түзу және солға бұрылу;
▪️ Оң жақ шеткі жолақ – түзу жүру.
Жүргізушілерден жаңа қозғалыс сызбасын ескеріп, жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын сақтауды сұраймыз.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/1319025?lang=kk