Сархат Бейсенова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Сархат Бейсенова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

✔️ Сапар аясында Комитет төрағасы Жаңақала обаға қарсы күрес бөлімшесінің қызметімен танысып, бөлімшенің негізгі жұмыс бағыттары, аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарын зерттеу, эпизоотологиялық мониторинг жүргізу, зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру және профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру барысымен танысты.

☝️ Сонымен қатар, бөлімшенің материалдық-техникалық базасы мен зертханалық инфрақұрылымының жай-күйіне назар аударылды. Бұл бағыттар обаға қарсы қызметтің жұмыс тиімділігін арттыру және оның жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын қамтамасыз ету үшін маңызды.

🤝 Екі күнге жоспарланған жұмыс сапары аясында облыс әкімінің орынбасарымен кездесу, Комитеттің кеңейтілген көшпелі кеңесін өткізу және өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет нысандарын аралау көзделген.

✅ Жұмыс сапарының мақсаты – өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысымен танысу, өзекті мәселелерді талқылау және қызмет тиімділігін арттыру бағыттарын айқындау.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1319022?lang=kk