ҚОПА АУЫЛЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚОПА АУЫЛЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Қопа ауылдық округіне қарасты Қопа ауылында аудан әкімі Айбек Купеновтің тұрғындармен кездесуі өтті.

🔹Кездесу барысында аудан әкімі ауыл тұрғындарымен жүздесіп, елді мекеннің тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелер мен тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

🔹Тұрғындар тарапынан ауыл көшелерін жарықтандыруды толық қамтамасыз ету, өлген малды көмуге арналған арнайы орын белгілеу және ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсарту мәселелері көтерілді.

🔹Аталған мәселелер бойынша округ әкіміне тиісті тапсырмалар беріліп, оларды шешу жолдарын қарастыру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, тұрғындар көтерген мәселелердің орындалу барысын назарда ұстау керектігі ескертілді.

🔹Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындармен ашық пікір алмасып, елді мекеннің дамуына қатысты ұсыныстар мен өтініштердің назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1319008?lang=kk