АУДАН ӘКІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Қопа ауылдық округіне қарасты Айрық және Көптоғай елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті.

🔹Кездесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындарды толғандырған мәселелер талқыланды.

🔹Аудан әкімі тұрғындар көтерген мәселелерге назар аударып, оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

🔹Мұндай кездесулер тұрғындармен ашық диалог орнатып, жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді зерделеуге және олардың шешу жолдарын бірлесе қарастыруға мүмкіндік береді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1319001?lang=kk