Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлері ішкі «Speaking Club» форматында іс-шара

Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлері ішкі «Speaking Club» форматында іс-шара

«Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық қасиеттерін дамыту жөніндегі Жол картасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлері ішкі «Speaking Club» форматында іс-шара өткізілді.
Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып, көпшілік алдында сөйлеу, іскерлік хат алмасу және қызметтік қызмет барысында мемлекеттік тіл нормаларын сақтау мәселелеріне арналды.
Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға, оны кәсіби қызметте қолдану сапасын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тиімді қарым-қатынас жасау мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1318965?lang=kk