2026 жылғы 23 қазан күні Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлерімен Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалының аудандық және қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша онлайн семинар өткізді.
Семинарда әр түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаларды тіркеуге арналған құжаттар тізбесіне қатысты мәселелер қаралды, сондай-ақ ресми құжаттарға аппостиль қою мемлекеттік қызметтін көрсету тәртібі мен мерзімдері түсіндірілді.
Сондай ақ, семинар барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы Қағидаларына енгізілген жаңа түзетулерге байланысты сұрақтар талқыланды.
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін және оларды ұсыну сапасын арттыруға бағытталған.
Ақмола облысының
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1318963?lang=kk