САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ТОҚТАТА ТҰРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА БАСТАУ ТУРАЛЫ

САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ТОҚТАТА ТҰРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА БАСТАУ ТУРАЛЫ

👤 Салық төлеуші (салық агенті):

🔸 салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға;
🔸 тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін салықтық есептілікті ұсынуды қайта бастауға құқылы.

❗Салық төлеуші қызметі қайта басталған кезде салықтық есептілікті ұсынуды міндетті түрде қайта бастайды.

⌛ Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі талап қоюдың ескіру мерзімінен аспауға тиіс.

🧾 Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған күннен бастап қайта басталған күнге дейінгі кезеңде қосылған құн салығын төлеушіге электрондық шот-фактуралар жазып беру тоқтатыла тұрады.

📌 Салық салу объектілері болған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілігін ұсыну тоқтатыла тұрмайды.

🖥 Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру және (немесе) қайта бастау туралы мәліметтер салық органы тиісті шешімді қабылдаған күннен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

✅ Уәкілетті органның интернет-ресурсында салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру және (немесе) қайта бастау туралы мәліметтерді жариялау салықтық өтініште немесе жергілікті атқарушы органның жолданымында көрсетілген кезең үшін салықтық есептілікті ұсынбауға негіз болып табылады.

❎ Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұрудан бас тарту:

🔸 салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған;
🔸 салық төлеуші әрекет етпейтін салық төлеушілердің тізіліміне енгізілген;
🔸 салық органының орындалмаған хабарламалары болған жағдайда қабылданады.

❇ Салық органы:

🔸 салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсыну күнінен бастап салықтық есептілікті ұсынған;
🔸 қызметін тоқтата тұру кезеңінде немесе қайта бастаған күннен бастап салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін қайта бастау фактісі анықталған жағдайда, салықтық есептілікті ұсынуды қайта басталды деп таниды.

✳ Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік міндеттемелерді есептеу, төлеу бойынша салықтық міндеттеменің туындауына алып келетін қызметті жүзеге асыруды бастауы қызметті қайта бастау деп танылады.



Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1318927?lang=kk