День Республики

День Республики

Республика күні құтты болсын!

25 қазан – еліміздің мемлекеттілігі мен тәуелсіздік жолындағы маңызды қадамдарын айқындайтын Республика күні.

Бұл мереке – халқымыздың бірлігі мен ынтымағын, елге деген сүйіспеншілігі мен патриоттық рухын бейнелейтін ерекше күн. Республика күні – тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге және еліміздің жарқын болашағына деген сенімді арттыруға мүмкіндік беретін айтулы мереке.

Осы мерекеге орай барша отандастарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, молшылық пен қуаныш тілейміз. Еліміз тыныш, халқымыз аман, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Қазақстанымыз өркендеп, мәртебесі асқақтай берсін!

Республика күні құтты болсын! 🇰🇿

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-amangeldi/press/news/details/1318892?lang=kk