БӘЙДІБЕК: ШАЯН ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ КІРЕБЕРІС КӨПІРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

БӘЙДІБЕК: ШАЯН ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ КІРЕБЕРІС КӨПІРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЗЕРДЕЛЕНДІ
 
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Шаян елді мекеніндегі кіреберіс көпірдің қазіргі жай-күйімен танысып, ықтимал қауіптердің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.
 
Аудан басшысы жауапты сала басшыларына көпірдің техникалық жағдайын жан-жақты зерделеуді, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қажетті шараларды қабылдауды және анықталған мәселелерді шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.
 
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфрақұрылым нысандарының қалыпты жұмысын сақтау – басты міндеттердің бірі.
 
Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1318889?lang=kk