Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру

Аудандар мен Петропавл қаласының Мансап орталықтары азаматтардың жекелеген санаттарына, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Осылайша, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 380 мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді.

220 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 123-і деректер базасында қолда бар бос жұмыс орындарына, оның ішінде 190-ы квоталанатын жұмыс орындарына, 97-сі уақытша жұмыс орындарына (қоғамдық жұмыстарға - 82, әлеуметтік жұмыс орындарына - 4, жастар тәжірибесіне - 6, «Күміс жас» жобасына - 5) орналастырылды.

Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 83 адам «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 10 адам грант алды.

Кәсіби дағдыларды меңгеру үшін 87 адам оқытылды, оның 83-і онлайн форматта.

Жалпы, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қабылданып жатқан шаралар қазіргі қолда бар қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/1318882?lang=kk