Бизнестегі авторлық құқық: кәсіпкерлер не білуі маңызды?

Бизнестегі авторлық құқық: кәсіпкерлер не білуі маңызды?

2026 жылғы 27 қазанда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпкерлік қызметтегі авторлық құқықтың өзекті мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Қатысушылар талқылады:Бірыңғай цифрлық платформаға қосылу;Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымдармен (ҚҰБҰ) онлайн-шарттар жасасу;Бизнесте музыкалық шығармаларды пайдалану ережелері;Авторлық құқықты сақтау және заңнама бұзушылықтардың алдын алу.
Мұндай кездесулер кәсіпкерлерге заңнама талаптарында жақсырақ бағдар табуға, өз мүдделерін қорғауға және бизнесті құқықтық алаңда жүргізуге көмектеседі.
Басты мақсат — кәсіпкерлерге жаңа талаптарды түсінуге, авторлық құқықтарды сақтауға және бизнесті заңнамаға сәйкес жүргізуге көмектесу.
Музыканы заңды түрде пайдалану — авторлардың еңбегін құрметтеу және бизнестің жауапкершілігі!

Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1318814?lang=kk