А. ж. 03 қазанында ауданда шағын және орта бизнес пен жеке кәсіпкерлікті дамыту аясында жеке кәсіпкер Е.Н. Федченко «Lime» атты шағын маркетін ашты. Кәсіпкердің бұрынғы сауда нүктесінің орнына әлдеқайда кең әрі ыңғайлы жаңа ғимарат салынды.
Жаңартылған сауда нысанының ашылуы жергілікті кәсіпкерлікті дамытуда, сауда инфрақұрылымын кеңейтуде және тұрғындардың күнделікті сұраныстағы тауарларға қолжетімділігін арттыруда маңызды қадам болып табылады.
Шағын маркеттің қызметі бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға, бәсекелестік ортаны дамытуға және қосымша жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.
«Lime» шағын маркеті аудан тұрғындары мен қонақтарын дүкенге келуге, тауарлардың кеңейтілген ассортиментімен танысуға және ыңғайлы қызмет түрін пайдалануға шақырады. Дүкен ұжымы әрбір сатып алушыны қуана күтеді!