Бұл – ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, шұғыл жағдайларда науқастарға дер кезінде көмек көрсетуге және денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Жаңа жедел жәрдем көлігі медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп, ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғау жолында өз септігін тигізеді деп сенеміз.
Басты мақсатымыз – халық денсаулығын сақтау және әрбір тұрғынға сапалы медициналық көмек көрсету!
25 Қазан Республика күні қарсаңында Байғанин ауданының Ноғайты фельдшерлік-акушерлік пунктіне жаңа жедел жәрдем көлігі табысталды
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1318776?lang=kk