Ағымдағы жылдың 23 қазанында Республика күні мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде департамент қызметкерлеріне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында құқық саласының дамуына елеулі үлес қосып, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген Әділет департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ облыстың заң қоғамдастығының өкілдері марапатталды. Мерекелік шараның мазмұнын концерттік бағдарлама толықтырды.
Департамент қызметкерлеріне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1318716?lang=kk