КИБЕРҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

КИБЕРҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыру, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау және интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында киберполиция қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Семинар барысында киберқылмыстардың алдын алу, күмәнді сілтемелер мен белгісіз дереккөздерден келетін хабарламаларды ажырату, электрондық құрылғылар мен ақпараттық жүйелерді қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мақсат – қызметкерлердің цифрлық сауатын арттыру және ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін нығайту.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1318689?lang=kk