🔸 Қызылорда облысы Әділет департаментінің №1 мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабына сәйкес құқық бұзушылық ретінде танылған «GREENLEAF» тауар белгісімен заңсыз таңбаланған 123 дана контрафактілік өнімге қатысты тиісті шаралар атқарды.
🔹 Сот қаулысына сәйкес, дара кәсіпкерге әкімшілік айыппұл салынып, аталған 123 дана контрафактілік өнімді жою жұмыстары жүргізілді.
🔸 Контрафактілік өнімдерді жою – зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, заңсыз өнім айналымының алдын алу және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
🔹 Әділет департаменті контрафактілік өнімдерді өндіру, сақтау және өткізу құқық иеленушілердің құқықтарын бұзатынын әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
КОНТРАФАКТІЛІК ӨНІМ СОТ ҚАУЛЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖОЙЫЛДЫ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1318688?lang=kk