"Нашақорлыққа қарсымыз" тақырыбында акция өткізілді

"Нашақорлыққа қарсымыз" тақырыбында акция өткізілді

       Қайнар ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарына нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткінің зияны туралы түсіндіру мақсатында "Нашақорлыққа қарсымыз" тақырыбында акция өтті. Акция барысында нашақорлықтың адам денсаулығына, болашағына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы ақпарат беріліп, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.
        Іс-шараның басты мақсаты – жастардың бойында есірткіге қарсы көзқарас қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға үндеу және қоғамда нашақорлыққа қарсы мәдениетті нығайту.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kainar/press/news/details/1318683?lang=kk