«TURKISTAN CUP-2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФУТБОЛ ТУРНИРІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

«TURKISTAN CUP-2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФУТБОЛ ТУРНИРІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Түркістан қаласында Республика күні мен Қала күніне орай жасөспірімдер арасында «TURKISTAN CUP-2026» халықаралық футбол турнирінің ашылу салтанаты өтті.
2026 жылғы 26–31 қазан аралығында өтетін турнирдің бірінші кезеңіне 2014 және 2016 жылы туған 600-ден астам жас спортшы қатысуда.
Халықаралық жарысқа Қырғыз Республикасы мен Өзбекстаннан, сондай-ақ Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және бірқатар облыстарынан келген командалар қатысуда.
Турнир жас футболшылардың тәжірибе алмасуына, спорттық шеберлігін шыңдауына және халықаралық достық байланыстарын нығайтуына мүмкіндік береді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1318652?lang=kk