АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА АЛИМЕНТ ӨНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен алимент өндіру мәселелеріне арналған «Алимент өндіру: өзекті мәселелер, түйінді тұстар және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға облыстық және қалалық прокуратура органдарының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттың, полиция органдарының, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында алимент өндіру саласындағы өзекті мәселелер, алимент бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу тетіктерінің тиімділігі, борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту, сондай-ақ мемлекетаралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері талқыланды.

Атырау облысы бойынша мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының өндірісінде алимент өндіруге қатысты 11 267 атқарушылық іс жүргізу бар. Оның ішінде 6 057 іс бойынша алимент борышкерлердің жалақысынан тұрақты түрде өндірілсе, 1 480 іс бойынша төлемдер ерікті түрде жүзеге асырылуда.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1318651?lang=kk