ҚАЖ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУ

ҚАЖ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУ

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде кәсіпкерлік қызметті дамыту мүмкіндіктерімен таныстыру, сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінің аумағында бизнес ашудың экономикалық тиімділігін зерделеу мақсатында, Атырау облысы емес, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Мұғалжар аудандық Кәсіпкерлер палатасының өкілдерін, кәсіпкерлерді және жергілікті әкімдік өкілдерін шақырды.
Кездесу барысында қатысушыларға ҚАЖ мекемелерінің аумағында өндірістік қызметті ұйымдастыру мүмкіндіктері, қолда бар өндірістік алаңдар мен инфрақұрылым, сондай-ақ сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында мекемелермен өзара тиімді ынтымақтастық орнату перспективалары таныстырылды.
Кәсіпкерлерді жаңа өндіріс орындарын ашуға тарту, сұранысқа ие өнім түрлерін өндіруді ұйымдастыру, сотталғандардың тұрақты еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету және бизнес өкілдерімен өзара тиімді әріптестік орнату мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің ұсыныстарын зерделеу, өндірістің перспективалы бағыттарын айқындау және ҚАЖ мекемелеріне кәсіпкерлік субъектілерін тарту бойынша нақты шараларды әзірлеу жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1318626?lang=kk