Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде Республика күніне орай салтанатты шара өтті
25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің маңызы атап өтіліп, мемлекетіміздің өркендеуі жолында адал қызмет етудің маңыздылығы айтылды.
Республика күні – ұлттық рухты асқақтатып, елдік пен бірлікті дәріптейтін айтулы мереке.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 25 қазан Республика күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1318612?lang=kk