«Қариясы бар үйдің қазынасы бар»: №70 мекемесінде Қарттар күніне орай құрмет көрсетілді

«Қариясы бар үйдің қазынасы бар»: №70 мекемесінде Қарттар күніне орай құрмет көрсетілді

1 қазан – Қарттар күніне орай №70 мекемесінің басшылығы мекеме қызметкерлерінің ата-әжелерін арнайы құттықтап, оларға сый-сияпаттарын табыстады.

Атап айтқанда, әділет капитаны Жайжанова Назерке Сабыржанқызының әжесі Джаимбаева Нұрзада Нұртазақызына, сондай-ақ жас қызметкер, әділет қатарындағы Жауміт Ибраһим Жандосұлының ата-әжесі Еспанбетов Жауміт Балуанғалиұлы мен Еспанбетова Айман Жұмашқызына арнайы сыйлықтар табысталып, Алғыс хаттармен марапатталды.

Қарттарымызға құрмет көрсету – ұрпақ парызы. Ата-әжелеріміздің өнегелі өмірі, мол тәжірибесі мен ақыл-кеңесі кейінгі буынға әрдайым үлгі. Оларға қамқорлық танытып, қадір-қасиетін бағалау – адамгершілік пен ізеттіліктің белгісі.

Құрметті аталар мен аяулы әжелер! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз! Әрдайым елдің құрметіне бөленіп, ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, ортамызда аман-есен жүре беріңіздер!

Ізгі тілекпен, №70 мекеменің ұжымы.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1318608?lang=kk