Теректі ауданында «Ашық есік күні» өтті

Теректі ауданында «Ашық есік күні» өтті

Теректі ауданында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысы Алия Тасыбаева Әнесқызы, сондай-ақ адвокаттар, жеке сот орындаушылары, нотариустар мен заңгерлер қатысты. Кездесу барысында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, азаматтардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды. Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1318579?lang=kk