Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Әділет министрлігінде дөңгелек үстел өтті
Іс-шараға ғылыми және сарапшылық қоғамдастық өкілдері, бизнес өкілдері, құқық иеленушілер, патенттік сенім білдірілген өкілдер, сондай-ақ аумақтық әділет органдарының қызметкерлері қатысты.
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова зияткерлік меншікті қорғаудың конституциялық кепілдіктерінің ерекше маңыздылығын атап өтті.
Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің өкілдері бейнеконференция байланысы форматында өткен талқылауға Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және «Мирманов и компания» компаниясының өкілдерімен бірлесіп қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар құқықтық реттеудің өзекті мәселелерін, халықаралық үрдістерді және цифрлық сервистерді дамыту перспективаларын талқылады. Рәсімдердің қолжетімділігін арттыруға және құқық иеленушілермен өзара іс-қимылдың ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Әділет министрлігінде дөңгелек үстел өтті
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1318573?lang=kk