«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кездесу өтті

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кездесу өтті

Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылындағы Қ. Байсықов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылармен құқықтық түсіндіру кездесуі өткізілді. Кездесуді мемлекеттік сот орындаушысы Таженов Ануарбек Райханович жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ кибералаяқтықтың алдын алу жолдары түсіндірілді. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1318565?lang=kk