«Әділет» партиясының ғимаратында тегін құқықтық көмек көрсетілді
Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ұйымдастырған Ашық есік күні аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетілді.
Іс-шараға заңгерлер, сот орындаушылары және басқа да мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысып, келген тұрғындарға құқықтық кеңес беріп, өздерін толғандырған мәселелер бойынша заңгерлік түсіндірмелер ұсынды.
Шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолдау көрсету және заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Құқықтық көмек – әр азаматқа қолжетімді!