ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдау өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдадым.

Жеке қабылдау барысында тұрғын үй, абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу, ирригациялық жүйені ретке келтіру, коммуналдық және әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ тұрғындарды толғандырған өзге де өзекті мәселелер көтерілді.

Тұрғындар тарапынан айтылған әрбір өтініш пен ұсынысты мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің шешу жолдарын жауапты сала мамандарымен бірлесе қарастырдым. Тиісті жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, олардың уақытылы әрі сапалы орындалуын бақылауға алуды тапсырдым.

Алдағы уақытта да халықпен ашық диалог орнатып, тұрғындарды толғандырған мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырамыз.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1318520?lang=kk