Ботақарада жаңа супермаркеттер ашылды

Ботақарада жаңа супермаркеттер ашылды

Ботақара кентінде Inmart және Nomad супермаркеттері ашылды. Inmart супермаркетінде 13, ал Nomad супермаркетінде 2 жұмыс орны ашылып, барлығы 15 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасалды. Жаңа нысандар кенттің сауда саласын дамытуға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға үлес қосады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-buhar-zhyrau-botakara/press/news/details/1318498?lang=kk