Ауланы қоқысқа толтырғандар ұсталды: Қарағандыда ескі жиһаз тастаған көршілер жазаланды

Ауланы қоқысқа толтырғандар ұсталды: Қарағандыда ескі жиһаз тастаған көршілер жазаланды

Ауланы қоқысқа толтырғандар ұсталды: Қарағандыда ескі жиһаз тастаған көршілер жазаланды. Қарағанды қаласындағы Жедел басқару орталығының камералары аулалардың бірінде абаттандыру қағидаларын бұзудың екі дерегін тіркеді. Алдымен түске дейін жергілікті тұрғындардың бірі ескі шкафты шығарып, іргедегі аумаққа қалдырып кеткен. Көп уақыт өтпей оның бұл әрекетін көршісі де қайталап, бейнекамералардың көз алдында қажетсіз ірі көлемді жиһазынан құтылған. Полицейлер тәртіп бұзушылардың жеке басын жедел түрде анықтады. Екі қарағандылыққа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Айыппұл төлеуден бөлек, қала тұрғындары лақтырған жиһаздарын өз күштерімен арнайы полигонға шығарды. Полиция департаменті ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын қарапайым контейнерлерге және ауладағы алаңдарға тастауға тыйым салынатынын — оларды шығаруды тұрғындар өз бетінше ұйымдастыруы тиіс екенін еске салады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1318457?lang=kk