26 қазанда Ливан Республикасы Қарулы күштерінің қолбасшысы генерал Рудолф Хейкал осы елдегі Қазақстан Елшісі Расул Жұмалыны қабылдады. Жылы шырайда өткен кездесу барысында екіжақты байланыстардың бүгінгі жай-күйі мен келешек көкжиектері қарастырылды. Ерекше көңіл қорғаныс саласындағы ықпалдастық пен тәжірибемен алмасуға, тиісті салада келісімдер жасасып өзара әскери техника мен технологиялардың көрмелеріне қатысу мүмкіндіктеріне бөлінді. Сондай-ақ құрамында Қазақстанның бітімгерлері бар Оңтүстік Ливандағы БҰҰ Уақытша күштерінің (UNIFIL) мәселесі қаралды.
Ливан армиясының қолбасшысымен кездесу
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1318452?lang=kk