РЕСПУБЛИКА КҮНІ: КЕНТАУДА «ЖОЛ ЖИЕГІ – ЕЛ КЕЛБЕТІ» АКЦИЯСЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

РЕСПУБЛИКА КҮНІ: КЕНТАУДА «ЖОЛ ЖИЕГІ – ЕЛ КЕЛБЕТІ» АКЦИЯСЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ
Республика күні қарсаңында Кентау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «Жол жиегі – ел келбеті» атты ауқымды тазалық акциясы ұйымдастырылды.
Игі бастама қаланың кіреберіс бағытындағы Сақ Мауленқұлов даңғылының бойында өтті. Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған шараға 1000-ға жуық тұрғын қатысты.
Акция барысында жол бойындағы күл-қоқыстар жиналып, қураған ағаштар кесіліп, ретке келтірілді. Нәтижесінде 24 тонна қоқыс арнайы полигонға шығарылды.
Жалпы, тазалық шарасы қаланың басқа көшелері мен ауылдарда да жүзеге асырылды.
Тазалық акциясының басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, қала тазалығын қамтамасыз ету және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1318396?lang=kk