Азаматтардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі

Азаматтардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі

2026 жылғы 27 қазанда Департамент басшысы А.Е. Мекебаева "e-Otinish" ақпараттық жүйесінің тіркеушісі Т.В. Дулинамен бірлесіп департамент қызметкерлерімен жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі мен белгіленген мерзімдерін сақтау, өтініштерді қайта бағыттаудың дұрыстығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жауаптарды уақтылы ұсыну мәселелері қаралды.
Атқарушылық тәртіпті сақтауға және келіп түскен өтініштердің сапалы және уақтылы қаралуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1318389?lang=kk