Жаңасемей ауданының Шүлбі кентінде «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы саласының дамуына ықпал ету.
Жәрмеңке барысында тұрғындарға жергілікті өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды. Сауда сөрелерінен күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларын тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік болды.
Мұндай жәрмеңкелер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланысты нығайтып, жергілікті өнімдердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
ШҮЛБІ КЕНТІНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ