«Үздік дене шынықтыру педагогі- 2026»

«Үздік дене шынықтыру педагогі- 2026»

Ағымдағы жылдың 22-27 қазан аралығында ШҚО ББ Örken Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Үздік дене шынықтыру педагогі- 2026» республикалық конкурстың облыстық кезеңін өткізді.

Аталған конкурс педагогтің кәсіби тәжірибесінің таныстырылымы көрсетілетін «КРЕАТИВТІ ПЕДАГОГ», бейтаныс сыныпта стандартты емес сабақ өткізу көзделген «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ДЕНЕ ШЫНЫКТЫРУ САБАҒЫ» және спорттық-бұқаралық іс-шара ұсынылған «ҮЗДІК СПОРТТЫҚ-БҰҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРА» турлары бойынша өтті.

Барлық үш турдың нәтижесі мен Конкурстық комиссияның шешімімен жеңімпаздар мен аталым иегерлері анықталды:

І орын - ШҚО ББ «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ мұғалімі Мукашев Бауржан Сергазынович.

ІІ орын - ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша ББ «Абай атындағы орта мектебі»  КММ мұғалімі Қосын Қуат.

ІІІ орын - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша ББ «Камышинка жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» кешені»КММ мұғалімі Зузин Максим Николаевич.

Сонымен қатар арнайы аталымдар: «Креативті педагог» аталымы  Ұлан ауданы бойынша ББ «І. Айтықов  атындағы  орта мектеп- балабақша кешенінің»  мұғалімі Кабдульдинов Ермек Сериковичке;

 «Заманауи дене шынықтыру сабағы» аталымы Риддер қаласы «№12 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Жұмағалиев Әділ Сапарбекұлына;

 «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» аталымы –  Зайсан ауданы «М.Дауленов атындағы мектеп-интернаты» КММ мұғалімі Әділхан Ризабекке берілді.

ШҚО ББ «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ дене шынықтыру мұғалімі Мукашев Бауржан Сергазынович 2026 жылдың 16-20 қараша аралығында өтетін республикалық кезеңіне облыс намысын қорғауға жолданды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1318359?lang=kk