Отырыс барысында ауылдық аумақтарды дамытуға, кәсіпкерлерді қолдауға және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын артыруға бағытталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыруға қатысты ағымдағы мәселелер қаралды.
Сондай-ақ, тұрғындарды иммундау, уақтылы профилактикалық екпелерді уақытында егу маңыздылығы және аудан тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берілді. Берілген тапсырмалардың сапалы және уақтылы орындалуына, сондай-ақ жоспарланған іс-шаралардың іске асырылуын бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылды.
Алтай ауданының әкімі Е.Тураров әкімдер және дербес бөлімдер басшыларымен аппараттық кеңес өткізді.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1318339?lang=kk