Ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында «Саған кітап арнадым» акциясы өтті

Ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында «Саған кітап арнадым» акциясы өтті

25 қазан – Республика күніне орай Жетісу облысы Әділет департаментінде ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында «Саған кітап арнадым» акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Кунакбаева Гульнар Имангельдиевна ұжымның әртүрлі буын өкілдеріне кітаптар сыйға тартты. Акцияның мақсаты – кітап оқуды насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал ету.
«Саған кітап арнадым» – біліммен бөлісуге, өзара құрмет пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған игі бастама.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1318320?lang=kk