25 қазан — Қазақстан Республикасы күніне орай Ақшатау кенті мәдениет үйінде «Қазақстан — туған елім, ұлы өлкем» атты салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру.
Салтанатты жиын барысында еліміздің егемендігі мен жетістіктері дәріптеліп, Қазақстанның жарқын болашағына деген сенім білдірілді.
Шара соңы мерекелік концертке ұласып, өнерпаздар патриоттық әндер орындады. Әсем ән мен әуезді саз мерекенің сәнін келтіріп, жиналған қауымға ерекше әсер қалдырды.
🇰🇿 Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі, көк байрағымыз мәңгі желбірей берсін!
Барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын!
25 қазан-Республика күні
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshatau/press/news/details/1318311?lang=kk