Республика күніне орай аудан әкімдігінің алдындағы алаңда Осакаров ауданының бас Мемлекеттік туын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті

Республика күніне орай аудан әкімдігінің алдындағы алаңда Осакаров ауданының бас Мемлекеттік туын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті


Іс-шараға аудандағы ұйымдардың басшылары мен ұжымдары қатысты.

Мемлекеттік туды көтеру құрметі ауданның құрметті азаматы Еркінбай Теміров пен робототехникадан өткен жарыстардың жеңімпазы Максим Сафинге берілді.

Қазақстанның жетістіктері — халқымыздың білімі мен талантының, күнделікті еңбегі мен туған жерге деген жауапкершілігінің жемісі.

Мемлекеттік туымыз азат әрі өркендеген Қазақстанның көгінде әрдайым биік желбірей берсін! Республика күні құтты болсын!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka/press/news/details/1318172?lang=kk