25 қазан Республика күні

25 қазан Республика күні

25 қазан – Республика күніне орай Алтынемел ауылдық округіне қарасты Алтынемел орта мектебінде мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Мерекелік шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған елдің тарихы мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ Отанға деген мақтаныш сезімін арттыру.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-altynemel/press/news/details/1318166?lang=kk