Облыстық алқа отырысы өткізілді

Облыстық алқа отырысы өткізілді

Департамент басшысы Е. А. Даулетбаевтың төрағалығымен департаментте облыстық алқа отырысы өтті, оған департамент басшысының орынбасарлары, аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары, облыстық департамент бөлімдерінің басшылары және аумақтық басқармалар мамандары қатысты.

Алқа отырысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы М.Б. Абдрахманов қатысып, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, түсіндірме берді.

Сондай-ақ, «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының Қостанай облысы бойынша директорының орынбасары Ф.Ж. Сазымбаева қатысып, филиалдың аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен өзара іс-қимылы және 2026 жылдың 9 айындағы мемлекеттік тапсырыстың орындалуы мәселелері бойынша баяндама жасады.     

Алқа отырысы барысында Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мемлекеттік органдарының 2026 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

 Кеңеске қатысушылардың назары қызмет жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, инфекциялық аурушаңдық деңгейін төмендетуге, объектілердің санитариялық жай-күйін жақсарту, халық тұтынатын өнімдер мен судың сапасын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың қажетті көлемде орындалуына, объектілерге рұқсат беру құжаттарын беруге, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс жоспарының орындалуына ерекше аударылды.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүргізген департамент пен оның аумақтық бөлімшелері қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері, сондай-ақ ҚР ДСМ-нің № 2 санитариялық қағидаларына сәйкес санитариялық-қорғау аймақтары мен санитариялық ажырауларды белгілеу кезінде заңнама талаптарының сақталуы мәселелері тыңдалды. 

Алқа отырысы барысында қатысушылардың назары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының сақталуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына ерекше аударылды.

Сонымен қатар, департамент аудандық және қалалық басқармалардың санитариялық-гигиеналық бейіндегі мамандарына арналған «Маман күнін» өткізді.

 

А.Искакова  – департаменттің ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/press/news/details/1318103?lang=kk